2022 жылғы 7-10 маусым аралығында Алматы қаласында 2-4 сынып оқушылары үшін «Бастау» республикалық математикалық турнирін өткізді.

2022 жылғы 7-10 маусым аралығында «ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында 2-4 сынып оқушылары үшін «Бастау» республикалық математикалық турнирін өткізді.

Негізгі идея - бастауыш сынып оқушыларының математика бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту.

Біздің өңірден СҚО жалпы білім беру мекемелерінің 2-4 сыныптарының 6 оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 2 қатысушы жүлдегер атанды:

3 орын-Айзере Қайратқызы, «№ 3 Бескөл орта мектебі» ЖШС;

3 орын – Жұмажан Дамир, «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз! Сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 10.06.2022 в 12:12