Меню KDT
Соңғы қоңырау

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 оқу жылын аяқтауға арналған салтанатты жиын өтті. Бітіруші 11-сыныптар, ұстаздар мен ата-аналар қатысқан іс-шарада түлектер ән айтып, би билеп, ұстаздарына, сыныптас достарына, ата-аналарына деген алғыстарын жеткізді.


Іс-шараға Білім беру жаңғырту орталығынан құрметті қонақ ретінде қатысқан Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы түлектерге ақ тілектерін айтып, сәт сапар, ақ жол тіледі.
Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша ту тапсыру салтанатты рәсімін Үздік аттестатқа үміткер, мақтанышымыз 11-сынып оқушысы Халел Мадияр және Алтын белгіге үміткер: Бапай Зерделі, Азмуханбет Дильназ 10-сынып оқушысы, спорт жүлдегері, мақтанышымыз Гаухарбек Нұрмұхаммедке және озат оқушылар, «Алтын белгіге» үміткер, спорт үздіктері - Мысырова Ақзере және Амирулла Альмираға Аманат туын тапсырып, ізбасарларына оқуда озат, үлгілі тәртіппен еліміздің туын әр кез биікте желбіретуді аманат етіп тапсырды.



Комментариев нет
126 просмотров
Автор: 38mektep
Добавлено: 25.05.2022 в 09:48

Возможно вас заинтересует...!