Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде 20 мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директоры Муканов Қадырғазы Қамалұлы 2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы бойынша жетістіктер мен алға қойған мақсаттар жөнінде және мектеп бюджетінің дұрыс жоспарлануы бойынша баяндап, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Мектептің Қамқоршылық кеңес мүшесі А.Құдайбергенова биылғы оқу жылындағы Қамқоршылық кеңес жұмысының есебімен таныстырды. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі бойынша мектеп инспекторы А.Шаримбекова ата-аналарға жаз кезінде балаларының қауіпсіздігін сақтау бойынша баяндама жасап, құқықбұзушылықтың алдын алу шарасын жүргізді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены