"Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен өткен 4- сынып оқушыларына арналған жалпы пәндер бойынша қалалық олимпиадаға 6 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды. l орын - Әділ Айару (қазақ тілі ), жетекшісі Қалиева Айгүл Сейдуалықызы;II орын - Алмас Ясмин (математика), жетекшісі Измуханова Мәнсия Мажитовна;II орын - Досым Айдана (жаратылыстану), Измуханова Мәнсия Мажитовна; IIl орын - Мақсұт Малика (ағылшын), Аманова Қарлығаш Нұрланқызы; III орын - Марс Асылжан ( дүниетану), Уалиева Назым Даулетбековна.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены