Меню KDT
2022 жылдың 4-12 сәуірінде онлайн форматта өткен «Кенгуру – Математика барлығы үшін» ойын-конкурсына қатысты

2022 жылдың 4-12 сәуірінде онлайн форматта өткен «Кенгуру – Математика барлығы үшін» ойын-конкурсына мектебіміз бойынша 1-11 сыныпта білім алатын 40 оқушы қатысты. Тапсырмалар жас ерекшелігіне сйкес бес санат бойынша 1-2 сынып, 3-4 сынып, 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сыныптарға арналып әзірленді.

5-11-сынып қатысушылары үшін күрделілігіне қарай үш деңгей бойынша 30 тапсырма орындады: 10 сұрақтан тұратын үш деңгейдің әрбір сұрағына сәйкесінше 3, 4 және 5 баллдан берілді. Дәл сол сияқты 1-4 сыныптар үшін де күрделілігі бойынша үш деңгейде бөлінген 24 тапсырма беріліп, 8 тапсырмадан тұратын әр деңгейдің сұрақтарына сәйкесінше 3, 4 және 5 балл берілді.
Осылайша, 5-11 сыныптар үшін максималды мүмкін балл 120 болса, ал, кіші санаттағы сыныптар үшін, яғни 1-4 сыныптарға максималды мүмкін балл – 96 құрады. Конкурсытың нәтижесі бойынша І орын иегерлері – 2 оқушы;
ІІ орын иегерлері – 12 оқушы;
ІІІ орын иегерлері – 14 оқушы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Комментариев нет
178 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 23.05.2022 в 14:44

Возможно вас заинтересует...!