← Назад к новостям
Соңғы қоңырау

Соңғы қоңырау

b0922skobilim
26.05.2022 в 09:23
272 просм.
Нет комментариев

25 мамырда "Раисовка орта мектебі» КММ-де «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты линейка өтті.
Биылғы оқу жылында мектепті 11-сыныпта 4, 9-сыныпта 15 оқушы бітіруде.
20 үздік оқушы мақтау қағаздарымен марапатталып, қалыптасқан дәстүр бойынша «Раисовское» ЖШС басшылығы үздік оқығаны үшін ақшалай сыйлықтармен мадақтады.Сондай-ақ, аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысқан 23 спортшы да ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Мектептің педагогикалық ұжымы мен оқушылары «Раисовское» ЖШС директоры Коваленко Владимир Михайловичке жан-жақты қолдау көрсетіп, оқушылардың бойында жауапкершілік, ынталылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерді дамытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді. Сізге зор денсаулық, табыс және «Раисовское» ЖШС-нің гүлденуін тілейміз.

Автор: b0922skobilim · 26.05.2022
272
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT