Меню KDT
Облыстық «Үздік сабақ» байқауының жеңімпазы


Ұлы педагог Ахмет Байтұрсынұлы: « Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы, яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» сондай білікті ұстаздарымыздың бірі бастауыш сынып мұғалімі Абишева Камшат Сырымқызы. Өз ісінің шебері екенін жуырда өткен облыстық «Үздік сабақ» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл сайыстың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу, мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарылату, шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау; инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету. 1-орын алған ұстазымызды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да еңбегінің жемісін көріп, шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз! 


Комментариев нет
158 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 28.05.2022 в 09:18

Возможно вас заинтересует...!