Соңғы қоңырау мерекесі
Түлектер асыға күтетін соңғы қоңырау мерекесі де келіп жетті. Әл-Фараби мектеп-лицейі әдеттегідей бұл кешті сән салтанатымен атап өтті. Оқу жылының қорытындысы зерделеніп, үздік ұстаздар мен білімді шәкірттердің абыройы асатын Соңғырау қоңырау мерекесінде биыл да марапат алғандар қатары аз болмады. Сонымен қатар мектеппен қоштасқалы тұрған түлектердің концерті, ата -аналардың құттықтауы, шәкірттердің ән мен жыр шашуы мереке қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлады. Мектеп директоры Күлімкөз Қайырбайқызы өз құттықтау сөзінде айтып өткендей, ендігі тілек түлектердің сапары сәтті болып, өмір жолдары даңғыл болсын!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены