26 мамырдан бастап 17 маусымға дейін жалғасатын 1-8 және 10 сынып оқушылары үшін жазғы мектеп ұйымдастырылды.
26 мамырдан бастап 17 маусымға дейін жалғасатын 1-8 және 10 сынып оқушылары үшін жазғы мектеп ұйымдастырылды.
Жазғы мектеп - бұл өз білімін шыңдауға, олқылықтардың орнын толтыруға тамаша мүмкіндік. Жазғы мектеп әдеттегі сабақтар форматында өтпейді. Балаларға ыңғайлы болу үшін негізгі пәндер бойынша икемді оқу кестесі ұйымдастырылған. Сабақта білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша қызықты материалдар, тест тапсырмалары, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдар, презентациялар, сараланған тапсырмалар қолданылады. Жазғы уақытта оқу барынша қызықты және танымды болуы үшін барлық жағдай жасалған.