"Отбасым - алтын қазығым" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
"Отбасым - алтын қазығым" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.
ОТБАСЫМ - АЛТЫН ҚАЗЫҒЫМ
ОТБАСЫМ - АЛТЫН ҚАЗЫҒЫМ
Балалар жылы аясында
13 мамыр күні мектебімізде 1-4 сыныптар арасында отбасы күніне арналған "Отбасым - алтын қазығым" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға қоғамдағы отбасы құндылығы жөнінде түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру.
1-4 сыныптар бойынша "Үлгілі отбасым" презентациялар көрсетілімі дайындалды.
14 мамыр күні 4-сыныптар бойынша "Ата-ана баланың бас ұстазы" үлгілі аналармен интерактивті диалог алаңы өткізілді.
Мақсаты:Баланың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етуде ата-ана мен мектептің арасындағы қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау.