Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері лебіздерін білдірді
Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері лебіздерін білдірді
Бүгінгі күні мектебімізден тәрбие-білім алған оқушыларымыз Мейрам Тамерлан мен Тюгумбаева Аида келіп, алғашқы ұстаздары және пән мұғалімдерімен кездесіп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мақтан тұтар оқушыларымыз қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері, Мейрам Тамерлан Гонконг университетіне грант ұтып алды. Оқушыларымызға зор денсаулық, ойлаған арман-тілектерінің орындалуына тілектеспіз. Алдағы тұрған сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерден көрініңіздер! #балаларжылы#жарқынболашақ