


Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Қош бол, бастауышым!

Бүгінгі күні 1-4 сыныптар аралығында "Сыңғырла, соңғы қоңырау" салтанатты жиыны өтті. Қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы қоңырау салтанатында мектептің жетістіктері айтылып, үздік оқушылар марапатталды. Бастауыш сыныппен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерге ұстаздар, ата-аналар, қонақтар тілектерін білдіріп, жылы лебіздер айтты.
#балаларжылы #бастауышсыныппенқоштасу #соңғықоңырау
Автор: b146skobilim
Добавлено: 20.05.2022 в 17:27