Балалардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар терезелерден құлау бойынша қайғылы жағдайларды азайту мақсатында ТЖБ кызметкерлері келесі кеңестерді ұсынады: ....
Ашық терезе – балаға қауіп төндіреді.
Балалардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар терезелерден құлау бойынша қайғылы жағдайларды азайту мақсатында ТЖБ кызметкерлері келесі кеңестерді ұсынады:
-Балаларды жалғыз қалдырмауға, себебі көп жағдайда терезеден құлау жағдайлары балалардың ата-анасыз жалғыз қалуы кезінде болады;
-Терезеге жиһаздарды жақын қоймау керек. Себебі балалар оларға мініп терезеге шығып кетуі мүмкін. Ешқашан масаға арналған торларға сенуге болмайды! Олар балаларды құлаудан сақтамайды! Керісінше масаға арналған торға балалар сүйеніп, оның салмағынан тор жыртылып соның салдарынан балалар құлап кетуі мүмкін. Көбінесе балалар сол торлармен бірге құлап жатады.
-Терезелерге арнайы бекітпелер қою керек, олар балаларға терезе ашуға мүмкіндік бермейді.
-Егер терезеден балаға кейбір нәрселер көрсеткіңіз келсе, баланы мықтап ұстап тұруыңыз керек. Себебі олар тез қимылдауы мүмкін, қашанда қолдарыңыз құрғақ күйде болуы тиіс және балаларды киімнен ұстамаңыз.
-Егер дәл қазір бекітетін және қорғайтын құрылғы қондыратын мүмкіндік болмаған жағдайда терезенің тұтқасын алып тастау керек.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены