← Назад к новостям
"Ер есімі ел есінде" атты патриоттық ойын-сабақ өткізілді

"Ер есімі ел есінде" атты патриоттық ойын-сабақ өткізілді

b1437skobilim
06.05.2022 в 14:58
225 просм.
Нет комментариев

Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында мектеп кітапханасында "Ер есімі ел есінде" атты патриоттық ойын-сабақ өткізілді. Оған "Дарын" үйірмесінің мүшелері қатысты.


Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында мектеп кітапханасында "Ер есімі ел есінде" атты патриоттық ойын-сабақ өткізілді. Оған "Дарын" үйірмесінің мүшелері қатысты. "Патриот" акциясы аясында ұйымдастырылған бұл шара үш кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде оқушылар қазақ халқының ел қорғаған ұлы тұлғалары, Қазақстан Республикасының әскері туралы сұрақтарға, екінші кезеңде Ұлы Отан соғысындағы батырларымыз туралы сұрақтарға жауап берді; ал үшінші кезеңде ерлік, батырлық, Отан, туған жер туралы мақалдардың сыңарын іздеп тапты. Шара соңында оқушыларға тақырыптық көрмеге шолу ұсынылды. Ойынға қатысқан 4 Ә сыныбы мен 4 Б сыныбы жақсы білім деңгейлерін көрсетті.

Автор: b1437skobilim · 06.05.2022
225
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT