Қуанышты жаңалық!

"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 17-18 мамырда «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі қашықтан өткізілді.
Форумның басты мақсаты - білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынаста тәрбиелеу.
Форумының облыстық кезеңіне 12-17 жас аралығындағы 121 оқушы қатысты, осы форумға мектебіміздің оқушылары түрлі номинациялар бойынша қатысып жүлделі орындарға ие болды. Zhasyl El” номинациясы бойынша Ізбасарова Айсұлу 10 сынып оқушысы 1 орын, “Экотеатр” номинациясы бойынша Сламбек Сұлушаш, Өмірбек Айым, Уахит Іңкәр, Әбден Гүлсімай 2 орын. Еko болашақ номинациясы бойынша Бәкір Жұлдызым, «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы номинациясы бойынша Жолдыбек Махаббат 2 орын иеленді! Жетекшілері: Ташимова Алтынай Алиакбаровна, Шынтасова Назерке Абаевна, Калиханова Шолпан Масхутхановна, Джарқынбеков Ардақ.Жеңімпаздар I, II, дәрежедегі дипломдармен және жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Бірінші орынға ие болған оқушымыз Ізбасарова Айсұлу жетекшісі Шынтасова Назерке , 7-9 маусымда өтетін республикалық форумда облыс намысын қорғайтын болды.
Жеңімпаздарымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз, және сәттілік тілейміз!