Бүгін Ұлы Жеңіс күніне 77 жыл толуына орай мектебіміздің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен , Қамқоршылық кеңестің арнайы тартуымен және де өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары Төлеген Айша, Жомартұлы Саят тыл ардагерлеріне алғыс айтып барды. Қабыжан Біләлов атамыз ақ батасын беріп , Құсайынова Қапиза әжеміз өзінің ақ жаулығын тарту етті.
Бұл атаулы күн еш ұмытылмайды. Майдангер, батыр ата-бабаларымыз қалдырған Ұлы Жеңіс күнін біз де келер ұрпаққа насихаттап, саналарына сіңдіруіміз өте маңызды және міндетіміз деп білеміз.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены