"Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы" КММ республикалық Абай мен Мағжан оқуларының облыстық кезеңін Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында облыстық кезең өтті. Аталмыш сайысқа мектебіміздің оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтатын болсақ, "Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша Шорман Жасмин 3-орын, "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы бойынша Марат Батырхан 3-орынға ие болды. Жетекшілері Арайгүл Амантайқызы мен Роза Қанатқызын да құттықтаймыз.