"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ ұйымдастыруымен №25 орта мектепте өткен Абай мен Мағжан оқуларына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтатын болсақ, "Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша Шорман Жасмин 1-орын, "Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы" номинациясы бойынша Изатова Саида 2-орын, "Абайдың қара сөздері" номинациясы бойынша Бейбіт Анель 2-орын, "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номниациясы бойынша Марат Батырхан 1-орын, "Ұлылар әлемі" номинациясы бойынша Ерсайнова Елдана 3-орын, "Жасынан оқу оқып, өнер қуған" ғылыми жобалар сайысында Амангелді Альмира 3-орынға ие болды. Жеңістің тұғырынан көрінген оқушыларымызды және олардың ұстаздарын да құттықтаймыз