2022 жылдың 12 мамырында №3 Смирново орта мектебінде референдум өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Р.К.Нуртазинова мектеп ұжымына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Одан әрі ол референдумда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланатынын түсіндірді.
Автор: b0311skobilim
Добавлено: 12.05.2022 в 17:22