«Ана- сая болар бағың болса, Әке асқар тауың» дейді қазақта. Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың борышы.Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы.Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Олай болса бүгінгі күні 3-4 сыныптар арасында ұйымдастырылған мерекелік «Әкем – асқар тауым» атты сайысымыздың көздеген мақсатымыз яғни, отбасындағы әке орнын,рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу болды.
Автор: b146skobilim
Добавлено: 05.05.2022 в 10:23