Ағымды жылдың 05 мамырында 11-13 мамыр аралығында Шымкент қаласында өтетін республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қатысушыларын қорытынды кезеңге дайындау бойынша психологиялық тренинг өткізілді.
Ағымды жылдың 05 мамырында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатында Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының психологы С. Р. Мироненко 2022 жылғы 11-13 мамыр аралығында Шымкент қаласында өтетін республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қатысушыларын қорытынды кезеңге дайындау бойынша психологиялық тренинг өткізді.

Әдіскер Г.Қ. Ташибаева оқушылармен және олардың заңды өкілдерімен қауіпсіздік техникасы мен Солтүстік Қазақстан облысы командасының шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша нұсқаулық өткізді.

Біздің командаға жеңіс пен жүлделі орындар тілейміз!
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 05.05.2022 в 15:37