С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясында "Жас ұстаздар" онкүндігі өтуде. Осыған орай гимназиямыздың жас ұстазы бастауыш сынып мұғалімі А.А. Қабланова "Ана мен бала" бағдарламасы негізінде "Балалар жылына" орай шығармашылық-танымдық тақырыпта іс-шара өткізді. "Бұлақ көрсең көзін аш" деген қағиданы басшылыққа ала отыра, бағдарлама барысында анасы мен баласы арасындағы үзілмес байланыс, баланың қалыптасуына ата-ананың рөлі қандай екендігі айтылды. Бағдарламаға қатысқан дарынды оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, қолдаушы аналары отбасы құндылығы төңірегінде сөз қозғап бағдарлама шырайын аша түсті.
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 05.05.2022 в 09:57