Меню KDT
47 үміткер алтын медаль иеленді

15 жылдық тарихы бар «Шаттық» байқауында қатысушылар 9 номинация бойынша бақ сынап, нәтижесінде 47 үміткер алтын медаль иеленді. Кез келген жеңістің артында ұстаздардың зор еңбегі тұрғаны сөзсіз. Осыны ескерген Білім басқармасы шаттықтық балаларды шыңдап, додаға қосқан ұстаздарды да ұмыт қалдырмай марапаттады. Фестивальде оқушылар мен студенттер патрү, отбасы, махаббат, достық, ғаламшар, эрудит, ойшыл, жасампаз, бейбітшілік тақырыбы аясында жалпыадамзаттық құндылықтарды сахналады. Мәселен, халықтық би өнерін жаңаша бейнелеп, эксклюзив шығармашылық композияцияларды көрермен назарына ұсынды. Оларға балет пен театр әртістері қолдау көрсетіп, бір сахнада өнер көрсетті. «Балалар – шаттық ордасы» ұранымен өткен байқауға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов, Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова, білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар, сондай-ақ көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Балалар өнерлі, талантты екендіктерін тағы бір дәлелдеген, қайталанбас кеш болды.

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей оқушыларының алған жүлделі орындары:

 «Аспапта орындау» жанры бойынша халық ансамбльі – 3 орын, қола жүлде Бекеталы Ақнұр. Жетекшісі: Кируова Ж.К.

«Аспапта орындау» жанры бойынша “Домбыра-Дастан” фольклорлық ансамблі – 2 орын, күміс жүлде. Жетекшісі: Кируова Ж.К.

 «Вокал трио» жанры бойынша – 1 орын, алтын жүлде Байдоллаева Алтынай, Нұржанұлы Нұрсұлтан, Барлықбай Арыстай. Жетекшісі: Жұмашев А.Ж.

«Хореография» жанрынан халық би ансамблі – 1 орын, алтын жүлде. Жетекшісі: Рахат Тәуіржан

 «Бейнелеу өнері», «Фотография», «Вокал», «Аспапта орындау» номинациялары бойынша дипломант атанды.

ТИК-ТОК “Үздік монтаж” номинациясы бойынша диплом алды.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Комментариев нет
134 просмотров
Автор: 48mektep
Добавлено: 30.04.2022 в 12:30

Возможно вас заинтересует...!