Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның ұйымдастыруымен футболдан облыстық ашық турнир өтті. Турнирге облысымыздың қазақ мектептері қатысты: "С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы"," Абай атындағы қазақ мектеп гимназиясы", "Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты", Қызылжар ауданы Бескөл №3 орта мектеп," Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп, "Ж.Ташенов атындағы №20 орта мектебі," "Назарбаев Зияткерлік" мектебі.
Ойын тартысты және қызу өтті. І орын гимназия оқушылары иеленді, ІІ орын Абай атындағы қазақ Қазақ мектеп-гимназиясына бұйырды, ІІІ орын "Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты оқушылары қаңжығаларыңа байлады.


Автор: b1428skobilim
Добавлено: 30.04.2022 в 18:30