Меню KDT
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамыту


Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 10-сынып оқушылары Каби Диас, Маратқызы Аяжан, Жакупова Жансая Елбасының қола медаль иегері атанды. «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Қатысушылар 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырды.
Осындай тағылымды жобада жеңіске жеткен дарынды оқушыларымызды құттықтап, алдағы белестерден де биіктен көрінуге тілектеспіз.


Комментариев нет
144 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 29.04.2022 в 15:23

Возможно вас заинтересует...!