Меню KDT
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.


    1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
   29 мамыр күні мектебімізде 1 мамыр - Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік фестиваль өтті. Әр сыныптан әр ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, өздерiнiң салт-дәстүрлерін, өнерін көрсетіп, ұлттың ерекшеліктерін таныстыра білді. 1 және 2 аусылымда әр сыныптарда «Бірлігіміз жарасқан» атты сынып сағаттары өткізілді.






Комментариев нет
168 просмотров
Автор: 15mektep
Добавлено: 29.04.2022 в 16:41

Возможно вас заинтересует...!