25 сәуір С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда «Мотивациясы төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістері» тақырыбында қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты - оқу мотивациясы төмен оқушының бойына сенім мен үміт ұялату арқылы алға жетелеу. Жетілдірілген ғылыми ізденістер мен озық технологияларды тиімді пайдаланып, мотивациясы төмен баланы тұлға санатына қосу. Семинардың ашылуы Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған «Ұлт мақтанышы – Ұлы есім рухына тағзым» атты әдеби қойылымнан басталып, 8-сыныпта қазақ тілі мен ағылшын тілінен интеграциялық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлыбекова Ә. Қ. мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Жантлесова Ж. У. өткізді. 5-сыныпта «Нағыз әже қайда?» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім Жақыпова Ә. Ж. өткізді. Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың оң бағасын алды.



Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены