Қазақстан халқы үшін достық пен бірліктің, қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысының айғағы болып танылады. Біз көпұлтты мемлекет екенімізді мақтан тұтамыз. Елімізде әрбір ұлт пен ұлыстың өкіліне төл мәдениеті мен салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, ана тілдерін үйренуге мүмкіндік жасалған. Біздің Отанымыздың барлық жетістіктері – ол ең алдымен барлық қазақстандықтардың бірлігінің жемісі. Осыған орай 2022 жылдың 25 сәуір күні мектебімізде 1-11 сыныптар арасында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бір шаңырақ астында» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. #1мамыр#бірлік#1мая#единство#руханижаңғыру#балаларжылы