Халқымызда «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген ұлағатты сөз бар. Әсіресе, жаһандану дәуірінде ғылым мен білімді игерген жастар ғана діттегеніне қол жеткізеді. Сондықтан білім шыңына ұмтылған өскелең ұрпақ - еліміздің ертеңі, келешек өмірдің тұтқасы. Мектебімізде өтіп жатқан ғылым апталығының да көздегені осы мақсат. Шара аясында география, тарих, дүниетану пәндері бойынша макет сайысы өтті. Оқушылардың байқауға тиянақты дайындалғаны шығармашылық жұмыстарынан айқын көрінді. Алтын адам, Күн жүйесі, Көзе пеші, тағы басқа макеттер – жан-жақты ізденістің нәтижесі. Байқау қорытындысы бойынша орта буыннан 5 «Б» сыныбы Гран Приді жеңіп алды. 5 «В» және 10 «Б» сыныптары жүлделі 2-орынды иеленді. Ал 7 «В», 6 «Ә» сыныптары үшінші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, 3 «Б» сыныбы бастауыш бойынша жеңімпаз атанса, 4 «А» 1-орынды, 3 «А» 2-орынды қанжығаларына байлады.
5Алтыншы Орта Мектебі и ещё 4
Автор: b146skobilim
Добавлено: 26.04.2022 в 15:44