2022 жылғы қаңтардың 20-сы күні Нұр-Сұлтан қаласының №4 мектеп-гимназиясы және Білімді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Бірлескен оқу – сапалы оқытудың негізі» тақырыбында қалалық семинар жүзеге асты.


Семинар №4 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұлдыз Жүсіпқызының ұйымдастыруымен өткен «Бірлесе оқыту арқылы медиасауаттылық пен креативті ойлауды арттыру» тақырыбындағы шебер сыныппен басталды. Атаулы шеберлік сыныбына білім беруді жаңғырту орталығының маманы А.Кулмағамбетова мен білім беру бағдарламалар орталығының маманы Ж.Аубакирова атсалысты. Шара барысында қатысушылар топтарға бөлініп, медиасауаттылық пен креативті ойлауға бағытталған тапсырмаларды бірлесе орындады.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены