Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 2-ші қалалық Шухов атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен мектебіміздің 9 "ә" сынып оқушыларымен «Ана тіліммен мақтанамын» атты кездесу өтті.
Қазақ тілінің өткен тарихына шолу жасалып, ана тілі туралы ұлы ғұламалардың нақыл сөздеріне сүйене отырып, ана тілінің сұлулығы, оның тазалығын сақтау және жазбаша ғана емес, ауызша сөйлеудің дұрыстығына ұмтылу қаншалықты маңызды екенін талқыланды. Сондай-ақ оқушылар ана тілі бойынша шығармашылық диалогқа тартылды, халқымыздың мақал-мәтелдерін, сондай-ақ ана тіліне ұқыпты қарауды қалыптастыруға көмектесетін танымал әдеби шығармалардан үзінділерді тыңдалды, әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындап белсенділік көрсетті.
#руханижаңғыру #1мамыр #балаларжылы
Автор: b146skobilim
Добавлено: 21.04.2022 в 14:33