Сәуірдің 21-күні 5-6 сыныптар арасында Жер күніне орай ұйымдастырылған «Табиғат сақшылары» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатын қорғауға баулу. Табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру. Сайыс бірнеше 6 кезеңнен тұрды.
1.Таныстыру
2.Біз табиғатты білеміз
3.Мақал-мәтелдер
4.Жұмбақтар
5. Экокөрініс
6. Керексіз заттардың екінші өмірі (бұйымдар жасау)
7. Табиғатты қорғау
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 22.04.2022 в 12:18