Меню KDT
«Жүректің ізгі істері» атты өзін-өзі тану пәні бойынша аймақтық олимпиадасы


Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ Педагогикалық факультеті «Жүректің ізгі істері» атты өзін-өзі тану пәні бойынша аймақтық олимпиадасы аясында С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушылары мен ұстаздары Жукенова Күлбаршын Аманбаевна, Жакина Гүлден Жолдыбаевнаның жетекшілігімен қарт адамдарға қамқорлық, мейірімділік көрсету мақсатында 2022 жылдың 13 сәуірінде Аққайың ауданы Смирново ауылындағы қарттар үйіне барып, қолдан жасаған бұйымдарды, жеке арнайы сыйлық, кітаптар, шайға тәттілер апарды. Әсіресе, 8-сынып оқушысы Анельдің қолдан жасаған хош иісті сабындарын көріп, бізді қарсы алаған, осы мекеменің қызметкерлері де таңқалысып, ризашылықтарын білдірді. Бұл заттардан бөлек, қарт адамдардың көңілін көтеріп концерттік нөмірлер қойылды. Гимназия оқушыларынан құрылған ансамбль домбырамен күмбірлете тартақан күйлері, ұстазымыз Топишев Дәурен Сабетұлының асқақтата шырқаған әндері, 2«А» сыныбының оқушысы Тұрлыбек Бағымның сүйіспеншілікпен айтқан «Туған жер» әні қарттарға қатты ұнады. Концерт соңында қарттар өз алғыстарын айтып, бәріміз ризашылыққа бөлендік.
Елімізде зейнет жасындағы адамдармен қатар, барлық адамдарға қайырымдылық жасап, мейірімділікті, ризашылықты көбейтуге өз үлесімізді қоса берейік.






Комментариев нет
120 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 22.04.2022 в 12:10

Возможно вас заинтересует...!