Меню KDT
«Толағай» балалар театрының қойылымы


Облыс орталығындағы Оқушылар сарайынының жанынан ашылған «Толағай» балалар театры көрермендерді жаңа қойылыммен қуантты. Жерлес жазушы, драматург Сафуан Шәймерденовтің «Қайдасың, Зарина?» спектаклін көруге қаламыздағы қазақ мектептерінің оқушылары мен ұстаздары арнайы келіпті. Ал біз осы қойылымды сахналаған өз шәкірттеріміздің өнерін тамашалауға бардық Атап айтар болсақ, шығармадағы басты рөлді, яғни Заринаның бейнесін 9 «Б» сынып оқушысы Айжан Тастемирова сомдады. Спектакльдің басынан аяғына дейін көрерменнен бір елі ажырамай, көзі ашық әрі жүрегі мейірімге толы қазақ қызының тағдырлы жолын Айжан еш мүдірместен нанымды ойнап берді. Кәнігі әртістерше сахнада өзін еркін ұстаған басты кейіпкердің өнерін көрермен үздіксіз қошеметтеп отырды. Спектакльдегі салмақты рөлдің бірі – Заринаның анасы. Бұл бейне мектебіміздің 9 «Б» сынып оқушысы Базарова Камиланың еншісіне бұйырыпты. Ал қойылым барысында қатыгез әрі дөрекі мінезді Заринаның жұбайын 9 «В» сынып оқушысы Аубакиров Мадиярға жүктелген екен. Бұдан бөлек әкім – Таласпай Асанәли, Заринаның ауылдастары – Ташкенбай Диана, Ғаббас Іңкәр, Калелова Ақнұр, Устемирова Мадина, Ерденов Санжар өздеріне жүктелген рөлдерді жауапкершілікпен алып шықты. Өнерлі шәкірттерімізді сахнаға өңірімізге белгілі актер Даурен Тойбазаров баптап жүргенін де айтып өткен жөн.
 
 
 
 
 
 
 
 
0:05 / 0:57
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
136 просмотров
Автор: b146skobilim
Добавлено: 19.04.2022 в 14:54

Возможно вас заинтересует...!