Батылдық жайлы толғасам,
Жалындап жүрек кетеді.
Ұлтымның мұңын қозғасам,
Біреулер қас жау етеді.
Жағдайын айтсам тілімнің,
Қорлағандаймын анамды.
Бағасын білмей білімнің,
Сорлатқандаймын данамды.
Қызғыштай қорғап жерімді,
Өтті ғой талай ерлерім.
Тарқатып кетсем шерімді,
Қастерлей алмас ел ерін.
Мәңгілік рухым өлгенде
Жан-тәнім жаурап үседі.
Шенеуніктерді көргенде
Сафуан еске түседі.
Сафуан сынды ер қайда?
Қамын жеп өлер жұртының.
Ерін жоқтайтын ел қайда?
Құрбаны болса жұртының...
Автор: Самрат Құскен
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 16.04.2022 в 09:41