Меню KDT
Сафуан ата!


Сафуан ата!
Сафуан ата, бірісің даралардың.
Рухыңды еске алып қалам алдым,
Жас ұрпаққа жеткізіп мұраңызды,
Аманатын ақтадың бабалардың.
Ұлтым деп соққан екен жүрегіңіз,
Әдебиетке ат басын тіредіңіз.
Айналған прозаның жұлдызына,
Ардақты Алты алаштың ұлы едіңіз.
Қас қырандай қанатты сермедіңіз,
Рухани бізге азық еңбегіңіз.
Ұлт тағдыры таразыға түскен кезде,
Намысты жат қолына бермедіңіз.
Тоқсан түрлі терең ой толғадыңыз,
Бізге үлгі жүріп өткен жолдарыңыз,
Есіміңді ел болып мақтан тұтар,
Бүгінде орындалды арманыңыз.
Солтүстік туған дала бесігіңіз,
Білім, ғылым жолында несібіміз.
Біз оқитын білімнің ордасына,
Құрметпен берілуде есіміңіз.
Білім үшін соғылған қоңырауы,
Сеніміңді ақтайды әр ұланы.
Елімізге абыройлы мектеп болсын,
Сафуан атамыздың шаңырағы.
Автор: Қарбай Мирас
#Сафуан100жыл



Комментариев нет
129 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 15.04.2022 в 09:29

Возможно вас заинтересует...!