Бүгін мерйлі той, қуаныш Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, "Отан", "Құрмет Белгісі" орденінің иегері. ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері, Қызылжар қаласының құрметті азаматы. Сафуан Шаймерденовтің туған күні 100 жыл. Мектебіміз 2015 жылғы 23 ақпаннан бастап жазушы, драматург, халық жазушысы Сафуан Шаймерденов есімімен аталады. Содан бері гимназистер сол есімді абыроймен алып келе жатыр. Туған жерінде ұлттық мектептердің ашылмауы Сафуан ағаны қатты алаңдатушы еді. 1994 жылы оған Қызылжарда бірді-екілі қазақ мектептерінің іргесі қаланып жатқанын, алайда қаржы қыспағынан қызылтанау болып тұралап қалған құрылыстың жайын хабарлаған еді. Қаланың Құрметті азаматы болғандықтан, ол осы мәселеге айрықша назар аударды да, «Қазақ тілі» қоғамының өтінішін аяқсыз қалдырмай, аталған мәселемен Алматыға өзіне арнайы барған Журналист Мұқановты ертіп, сол кездегі Премьер-министр Сергей Терешенконың қабылдауында болып, қалалық классикалық гимназияның құрылысына қаржы бөлдірді. 1996 жылы гимназия қазақ балаларына есігін айқара ашты... Осынша уақыт ішінде білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Гимназиямыздан түлеп ұшқан түлектердің ішінде биіктер мен шыңдарды бағындырған, бірі хакім, бірі ғұлама болған шәкірттері қаншама. Осындай шәкірттерді тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі еш кетпейтініне сенімдіміз.
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 15.04.2022 в 09:28