Бүгін 16.04.2022 ж «Информатика-физика» бірлестігінің он күндігі аясында Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесе отырып 5-10 сынып оқушылары арасында өткізілген қалалық робототехникадан “RoboTour-38” жарысы өтті. Жарысты өткізу мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласында білім берудегі спорттық робототехниканы танымал ету. Роботтарды құрастыру және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту, жасөспірімдер арасында инженерлік мамандықтарды танымал ету. Жарысқа №37 мектеп-лицей, №38 мектеп-лицей, №51 мектеп-гимназия, №52 мектеп-гимназия, №64 мектеп-лицей, №63 мектеп-гимназия қамтылды.
Жалпы 29 команда қатысты. Әділқазылар құрамы: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Информатика» кафедрасының п.ғ.к доцент Н.Т. Шындалиев және «Информатика» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к доцент Ж.Е.Зұлпыхар, Білім беруді жаңғырту орталығының информатика пәні әдіскері А.С. Анарбаева.
Жарыста 15 бала жүлделі орын иеленді, оның ішінде №38 мектеп-лицейінен:
- «Мини Сумо» номинациясы бойынша: 1 орын: Арыстан Бекзат, жетекшісі: М. Марат
- «Grand Сумо» номинациясы бойынша: 1 орын: Болат Жақсылық, жетекшісі: Е.Молдабаев
- «Лобиринт» номинациясы бойынша: 1 орын: Қамбаров Расул, жетекшісі: Г.Сабетбекова
- «Арқан тартыс» номинациясы бойынша: Сертификат: Асқат Темірлан, жетекшісі: А. Қонар
- «Шығармашылық санат» номинациясы бойынша: 1 орын: Кәрім Аңсар, Қарабалин Әлібек, жетекшісі: А.Тулегенова
- «Шығармашылық санат» номинациясы бойынша: Сертификат: Асқат Темірлан, Парман Мейіржан, жетекшісі: А.Қонар
- «Шығармашылық санат» номинациясы бойынша: Сертификат: Улумбеков Ырысбек, Бейбарыс Нұрлыбекұлы, жетекшісі: М.Дәнебеков
Автор: 38mektep
Добавлено: 16.04.2022 в 16:29