Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 орта мектебінің педагог-психологы Г.Кабошева сәуір айының 11-12-сі күндері 5 "А" сынып оқушыларына "Ғажайып Майя және оның достары" тақырыбында комикстер топтамасын өтті.
Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 орта мектебінің педагог-психологы Г.Кабошева сәуір айының 11-12-сі күндері 5 "А" сынып оқушыларына "Ғажайып Майя және оның достары" тақырыбында комикстер топтамасын өтті.
Бағдарлама мақсаты: Жасөспірімдерге короновирус инфекцияның таралуы кезінде көмек көрсету, олардың әлеуметтік және эмоциялық білімін арттыру, психикалық саулығын сақтау және қатерлі мінез-құлқын азайтуға ықпал ету.
Комикстер топтамасы 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдерді оқытуға арналған. Суреттер мен мәтіндер үйлесімі арқасында комикстер жанашырлықты және сыни ойлауды дамытуға әсер ете отырып, оқушыларды қызыға қатысуға және көзқарасын қалыптастырды. Комикстер әңгімелеу түрінде жасөспірімдер күнделікті өмірде тап болуы мүмкін шынайы өмірден алынған сценарийлер мен жағдайлар ұсынылды.Үш сабақтан тұратын бір циклді қамтиды, сол комиксті талқылау барысында әр сабақтың негізгі тақырыбы құрылды.
Сабақтар жасөспірімдердің субъектілік тәжірибесіне сүйене отырып, проблемаларын айқындауға, оларды шешу жолдарын табуға, күйлерімен, сезімдерімен, жағдайларымен бөлісуге мүмкіндік берді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены