← Назад к новостям
Дойбыдан юниорлар, жастар, әйелдер және ерлер арасында Қала чемпионаты болып өтті

Дойбыдан юниорлар, жастар, әйелдер және ерлер арасында Қала чемпионаты болып өтті

48mektep
10.04.2022 в 13:37
187 просм.
Нет комментариев

09-10 сәуір аралығында «Нұр-Сұлтан қаласының Дойбы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің күнтізбелік жоспары бойынша «64» шаршылы дойбыдан юниорлар, жастар, әйелдер және ерлер арасында Нұр-Сұлтан қаласының чемпионаты болып өтті. Аталған жарыс Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында жоғарғы деңгейде өтті.

Шаршы тақтадағы ақыл-ой бәсекесі классика номинациясы бойынша швейцариялық жүйеде қызықты әрі тартысты өтті.

Елордадан ұзын-саны 100ге жуық спортшы қатысып бақ сынасты.

Спортшылар төмендегі жас категориялары бойынша сынға түсті:

- юниорлар (қыздар, ұлдар)

- жастар (қыздар, ұлдар)

- ерлер және әйелдер

Мектебіміздің атынан келесі оқушылар мен мұғалімдер аталған жарысқа белсенді қатысып жеңімпаз, жүлдегер атанып мол тәжірибе алды:

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

8 «А» сынып оқушысы САЙЛАУ ӘМИНА – 1 ОРЫН жеңімпазы

4 «Б» сынып оқушысы АХМЕТЖАНОВА АЙЛИН – 2 ОРЫН жүлдегері

6 «Г» сынып оқушысы МАХМУТОВА АДИЯ – 3 ОРЫН жүлдегері

Ерлер арасында ИСАЕВ СЕРЖАН - 1 ОРЫН жеңімпазы

Белсенді қатысушылар:

Бастауыш пәні мұғалімі Бижигитова Ә.Ж.

9 «А» сынып оқушысы Боларбек Нұрбек

8 «Д» сынып оқушысы Шалхар Жассәби

5 «Е» сынып оқушысы Серіков Ернұр

4 «В» сынып оқушысы Жұмабек Мадина

3 «Ә» сынып оқушысы Қуатұлы Әмірхан

3 «Г» сынып оқушысы Сайлау Ерсұлтан

3 «Д» сынып оқушысы Аукушева Жанель

2 «А» сынып оқушысы Жұмабек Малика

          Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздарын, жүлдегерлері мен белсенді қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!

Автор: 48mektep · 10.04.2022
187
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT