2022 жылдың ақпан айында пән бірлестіктері арасында «Ең үздік Google classroom қолданушысы» атты бейнесабақтар топтамасының сайысы өткізілді. Мақсаты: Мұғалімдердің қашықтан оқыту кезінде «Google classroom» мүмкіндіктерін қолдану шеберліктерін, АКТ түрлерін кіріктіріп қолдана білудегі дағдыларын жетілдіру.
Сайысқа қатысушы бірлестіктер мұғалімдердің сабақтарынан үзінділерді жинақтап, топтама ретінде тапсырды. Сараптамалық топ шешімі бойынша қатысқан пән бірлестіктеріне жүлделі орындар мен номинациялар берілді: І-орын жаратылыстану пәні бірлестігі; ІІ-орын ағылшын тілі мен қоғамдық пәндер бірлестіктері; ІІІ-орын қазақ т,орыс тілі мен математика бірлестіктері; номинациялар: «үздік видео» көркем еңбек, «үздік әдіскер» бастауыш бірлестіктері иеленді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены