Профессор Кенесары Сулейменовпен кездесу
Бүгінгі Дариға Махметқызы бастаған математика бірлестігінің ұйымдастыруымен Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздарын дайындаған Кенесары Сулейменовпен өткізген коучингте жас ғалымдар көптеген мағлұматтар алып, 3-курс студенттеріне арналған есептерді талдады. Профессор КенесарыСулейменов 8"Е" сынып оқушысы Берден Нурсултанның айналысып жатқан ғылыми жоба тақырыбымен танысып, оқушының дарындылығына таңданып, өз шәкірті болуға шақырды. Оқушыларымызға ғылым жолында сәттілік тілейміз!



