Меню KDT
«№65 мектеп - гимназиясында» Наурыз мейрамы тойланды

2022 жылдың 15 наурыз күні «№65 мектеп - гимназиясында» Наурыз мейрамы тойланды. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға ұжымның барлық қызметкерлері атсалысты.


Өткізуге жауапты болған мектебіміздің педагог - ұйымдастырушысы Г. Қасенова және әрбір әдістемелік бірлестіктер мейрамды өте жақсы атқарып шықты.

—Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!-деді мектеп директоры Н.Ж. Елекеева өз тілегін білдіріп.

Іс - шара мектеп мұғалімдерінен құралған әжелер ансамбльінің шашуымен басталып, айттыру және сырға салу, ұзату сыңсу, құда күту, жар-жар (беташар), бесік той, тұсау кесер салт- дәстүрлерімен жалғасын тапты. Сондай -ақ ұлттық ойындар: арқан тарту, асық ату ойындары ойнатылды. Іс - шара соңында мектеп ұжымы қазақтың ұлттық биі "Қара жорғаны" биледі.


Комментариев нет
317 просмотров
Автор: 65mektep
Добавлено: 16.03.2022 в 09:00

Возможно вас заинтересует...!