Меню KDT
«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы


Кітапханамыздың қоры белгілі журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әкімжанов Зейнолла Рамазанұлының «Оттай ыстық Отынағаш» атты жаңа жинағымен толықты. Бұл кітап қаламгердің 70 жылдық мерейтойына орай жарық көрген еді. Жинаққа ақынның көзі тірісінде газет, журнал беттерінде жарияланған шығармалары топтастырылған.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 10-сынып оқушыларына Зейнолла Әкімжановтың «Оттай ыстық Отынағаш» кітабына библиграфиялық шолу жасалып, ақынның жинағына енген өлеңдері арқылы жас ұрпақтың еліне, халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру көзделді. Оқушылар жерлес ақынның өмір және еңбек жолынан жан-жақты мағлұмат алды.


Комментариев нет
284 просмотров
Автор: b1416skobilim
Добавлено: 11.04.2022 в 10:33

Возможно вас заинтересует...!