Меню KDT
"Құқықтық жауапкершілікті сезіну- азаматтық парыз"

"Құқықтық жауапкершілікті сезіну- азаматтық парыз"


"әл-Фараби" мектеп-лицейінің "Адал ұрпақ" ұйымы 7-сынып оқушыларымен "Құқықтық жауапкершілікті сезіну- азаматтық парыз" тақырыбында іс-шара өткізді. Адалдық, жауапкершілік - бүгінгі қоғамға қажет қасиеттердің бірі. Сондықтан бұл шараның жеткіншек ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпалы зор болды десек қастелеспейміз. Оқушылар "Адалдық", "Жауапкершілік", "Құқық" топтарына бөлініп, үш кезеңнің тапсырмаларын орындады. Ең алдымен "Мен туралы" тақырыбында тренинг өтті, одан кейін топ мүшелері постер қорғады. Ал соңғы кезеңде берілген жағдаятқа байланысты өз ұстанымдарын ортаға салды. Оқушыларды адалдыққа баулуды көздеген шара қызықты әрі тартысты өтті.


Комментариев нет
217 просмотров
Автор: b1416skobilim
Добавлено: 11.04.2022 в 10:24

Возможно вас заинтересует...!