"Қамқоршылар кеңесі"
Дайындық негізі мектебінде қыркүйек айында "Қамқоршылар кеңесі" құрылды. Мектеп директоры Рамазанов Т.С. жоспарды бекітті және қамқоршылар кеңесінің жоспарын бақылап отырады тәрбие ісінің меңгерушісі Саурбаева С.С.
1 . Қамқоршылық кеңес құрамына кіреді:
- әлеуметтік серіктестерінің өкілдері;
- қоғамдық ұйымдардың өкілдері;
- ата-аналар жұртшылығы мен педагогикалық кеңес өкілдері.
- Қамқоршылық кеңесінің жеке құрамы білім беру мекемесінің жалпы жиналысының ұсынысы ескеріліп, білім беру мекемесінің әкімшілігімен қалыптастырылады.
- Қамқоршылық кеңесінің төрағасы білім беру мекемесінің Қамқоршылық кеңесінің отырысында сайланады. Төрағасының өкілеттілік мерзімі. Қамқоршылық кеңесіндегі оның басшылығы мерзімімен шектеледі.
- Төрағасының орынбасары мен хатшысы Қамқоршылық кеңеспен сайланады.
- Қамқоршылық кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөлу кеңестің отырысында белгіленеді.
- Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз тапсырмаларын өтеусіз негізде орындайды.
- Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қамқоршылық Кеңесінің жалпы жиналысымен енгізіледі және оның отырысында бекітіледі.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
- Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
- Жалпы білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.
- Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
- Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым –қатынасы үшін жағдай жасау.
- Мектептің білім берушілік,қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
6.Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Автор: b0317skobilim
Добавлено: 10.01.2022 в 11:55