← Назад к новостям
ШЖМ-де жобалау-зерттеу жұмысын ұйымдастыру

ШЖМ-де жобалау-зерттеу жұмысын ұйымдастыру

b0922skobilim
30.03.2022 в 16:58
303 просм.
Нет комментариев

29 наурызда "Раисовка орта мектебі" КММ базасында "Зерде" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурстарына дайындық шеңберінде педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету үшін жағдай жасау мақсатында "ШЖМ-де жобалау-зерттеу жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында көшпелі семинар өтті. Семинарға Андреевка ОМ және Көкалажар ОМ педагогтары қатысты. Семинар барысында педагогтарды Раисовка орта мектебінде жобалау-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды, сондай-ақ оларға республикалық ғылыми жобалар конкурстарының әртүрлі кезеңдерінің жүлдегерлері болып табылатын оқушылардың жұмыстары таныстырылды. Семинар соңында ғылыми жобалар жетекшілерімен дөңгелек үстел өткізіліп, олар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Автор: b0922skobilim · 30.03.2022
303
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT