Поэзия, сен менімен егіз бе едің?
"Поэзия, сен менімен егіз бе едің?" деп жырлап өткен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың құрметіне орай дәстүрлі түрде түрлі шаралар үздіксіз өтеді. Жақында "Mahataev.kz"-Мұқағали Мақатаев әлемі білім порталы ұйымдастырған республикалық "Мұқағали оқулары" конкурсына біздің мектебіміздің оқушылары да қатысып, бақ сынады. Жас ұрпақтың әдебиетке, әсіресе қазақ ақын жазушыларының шығармаларына ынтасын ояту, құрметін арттыру, шеберлігін шыңдау мақсатында өткен байқауда топ жарған үміткерлердің арасында біздің де шәкірттеріміз бар екенін сүйіншілегіміз келеді. Жеңістің тұғырына қонған оқушыларымызды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!







254
0



