29-30 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10 пән бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

28 наурызда бірінші турға 262 оқушы, 29 наурызда екінші турға 255 жоғары сынып оқушылары қатысты.

30 наурызда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша апелляция өткізілді. Олимпиадаға қатысушылардан 6 өтініш түсті. Үйлестіру қорытындысы бойынша апелляциялық комиссия мүшелері 2 қатысушының өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдады, бір қатысушы апелляцияға қатысудан бас тартты.

Олимпиаданың қорытындылары біздің ресми сайтта орналастырылған.