Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен «Тәлімгер мен сұхбат» атты облыстық байқау өтті. Байқау мақсаты: еңбек жолын жаңа бастап жатқан педагогтердің кәсіби деңгейін шыңдау және шығармашыл, талантты педагогтердің әлеуетін көтеру. Аталмыш сайысқа С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның ұстаздары қатысып топ жарып үзіктер қатарынан көріне білді. Нәтижесінде тәлімгер Кулибекова Асем Каиргалиевна мен жас маман Қабжан Серік Мұратұлы гран-при, тәлімгер Кусаинова Айжан Қуанышбаевна мен жас маман Аралбай Нұрайым Өскенбайқызы 3 орын алды. Еңбектері жоғары бағаланған ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены